7 сәуір, Сейсенбі

Юлия Путинцева Доха турнирінің үшінші айналымына шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Доха (Катар) премьер турнирінің үшінші айналымына шықты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

Ю.Путинцева екінші айналымда әлемнің 23-ракеткасы, жарыстың өткен жылғы жеңімпазы, бельгиялық Элизе Мертенспен кездесіп, 6:4; 6:3; 6:2 есебімен жеңді. Тартысты бәсеке 2 сағатқа созылды.

Осылайша қазақстандық теннисші Доха турнирінің өткен жылғы чемпионын тақтан тайдырды. Енді отандасымыз Доха додасының (жүлде қоры – 2,9 млн АҚШ доллары) ширек финалына шығу үшін әлемнің тоғызыншы, осы жарыстың 4-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчич немесе рейтингте 38-орындағы ресейлік Вероника Кудерметованың қай жеңгенімен таласады.

Бөлісу

.