7 сәуір, Сейсенбі

Гимнастарымыз Венгриядағы турнирде үздіктер қатарынан көрінді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық гимнастар Венгриядағы турнирден үш медаль еншіледі, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық  жас гимнастшылар Венгрияда өтіп жатқан Gracia Fair Cup турнирінде сынға түсті. Жас гимнастарымыз жеңіс тұғырына көтеріліп, үздіктер қатарынан көрінді. Роза Абитова ұршықпен жаттығуда үздік үштікке еніп, қола жүлде иеленді. Сондай-ақ, Айбота Ертайқызы таспа және шығыршықпен жаттығудан қола медаль жеңіп алды.

Айта кетелік, Венгриядағы турнирге негізінен жас спортшылар аттанған болатын.

Бөлісу

.