7 сәуір, Сейсенбі

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Доха турнирін аяқтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Доха турнирінің ширек финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 17-ракеткасы Елена Рыбакина Доха WTA премьер турнирінің ширек финалына шыға алмады.  Елена Рыбакина үшінші айналымда әлемнің 1-ракеткасы, аустралиялық Эшли Бартимен кортқа шығуы тиіс еді. Отандасымыз аяғынан алған жарақатына байланысты кездесуден бас тартты.

Айта кетейік, қазақстандық теннисші жыл басынан бері бұған дейін WTA додаларында 25 матч өткізіп, соның 21-інде жеңіске жетті. Бұл — рекордтық көрсеткіш саналады. Төрт мәрте финалға шығып, соның біреуінде чемпион атанды.

Бөлісу

.