7 сәуір, Сейсенбі

Алматыда фристайлдан Әлем кубогының кезеңдері өтеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

28 ақпан күні Алматыда Mountain Ski Resort Oi-Qaragai Lesnaya Skazka курортында фристайлдан FIS әлем кубогының кезеңдері өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін өткен баспасөз жиынында жарысқа әлемде таралып жатқан коронавирус қалай әсер ететіні жайлы айтылды. 

Шаңғы акробатикасы бойынша Қытай құрамасы сайысқа қатыспайды. Фристайлдың могул және шаңғы акробатикасы түрлерінен сайысқа әлемнің 17 елінен спортшылар келеді деп күтілуде. Бұл жарыста көрермендер Еуропа, Азия, АҚШ, Канада, Ресей арналары арқылы тікелей көре алады.

Бұл жарыста ел намысын Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері мен Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпаздары Юлия Галышева, Павел Колмаков,  Аяулым Әміренова, Дмитрий Рейхерд, Сергей Романов, Ақмаржан Қалмырзаева, Жанбота Алдабергенова қорғайды.

Бөлісу

.