7 сәуір, Сейсенбі

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы «Шахтерге» келді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

«Қайраттың» бұрынғы ойыншысы Михаил Бакаев «Шахтерге» келді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді. 32 жастағы футболшы бұған дейін «Шиник» сапында ойнады. Сонымен қатар Бакаев «Оренбург», «Анжи», «Алания»  клубтарында, жалпы алғанда төрт маусым бойы ресейлік клубтарда өнер көрсеткен.

Айта кетейік, Михаил Бакаев 2014-2017 жылдар арасында алматылық «Қайраттың» ойыншысы болған еді. Алматылық клуб сапында ол үш рет Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанып, екі рет Кубокты, бір рет Суперкубокты жеңіп алған болатын.

Бөлісу

.