7 сәуір, Сейсенбі

Қазақстанда UFC тұжырымының  кезекті турнирі қашан өтетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанда UFC тұжырымының  кезекті турнирі қашан өтетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жекпе-жек кеші биыл 13 маусымға жоспарланып отыр. Бұл туралы  ММА шеберлерінің менеджері Саят Әбдірахманов мәлімдеді.

«Бұрын мүмкін емес арман болған нәрсе көп ұзамай орындалады. #ufckazakhstan 13 маусым», – деп жазды ол өзінің Инстаграм парақшасына.

https://www.instagram.com/p/B9A_25znz62/?utm_source=ig_web_copy_link

Естеріңізге сала кетейік, Жалғас Жұмағұлов 20 ақпанда UFC ұйымымен ресми келісімшартқа қол қойған болатын. Ол осы кеште алғашқы жекпе-жегін өткізуі мүмкін. Сондай-ақ жақын арада UFC ұйымымен келісімшартқа отыратын Сергей Морозовты да ел астанасында өтетін кеште көріп қалуымыз әбден мүмкін.

Бөлісу

.