5 сәуір, Жексенбі

Айдос Ербосынұлы Мәскеуде дайындалып жатыр

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) алдағы жекпе-жегіне Мәскеудегі жаттығу лагерінде дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық боксшы Инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасына Әуесқой бокстан әлем чемпионы, WBA GOLD белбеуінің иегері Миша Алоян және бапкері Эдуард Кравцовпен бірге түскен суретін жариялады. Айдостың шаршы алаңға қашан шығатыны әлі жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Айдос соңғы айқасын 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ресейдің Красноярск қаласында өткізіп, техникалық нокаутпен венесуэлалық Омар Гарсияны жеңген еді. Осылайша, Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global нұсқалары бойынша титулдарын қорғап қалды.

Бөлісу

.