7 сәуір, Сейсенбі

Асу Алмабаев джиу-джитсудан Қазақстан чемпионы атанды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Асу Алмабаев Шымкентте өткен комбат джиу-джитсудан Қазақстан чемпионатында топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ең жеңіл салмақта сынға түскен Асу Алмабаев қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынды. Айта кетерлігі, Асу Алмабаев спорт сүйер қауымға ММА спортынан таныс. Өйткені ол ТМД елдерінде беделді саналатын M-1 Global ұйымының уақытша чемпионы.

Айта кетейік, комбат джиу-джитсудан Қазақстан біріншілігі әлем мен Азия чемпионатының іріктеу турнирі саналады.

Бөлісу

.