7 сәуір, Сейсенбі

IBF чемпионы Головкинге жекпе-жек өткізуге ұсыныс жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Супер орта салмақта IBF чемпиондық белбеуінің иегері Калеб Плант (20-0, 12 КО) орта салмақта осы тұжырымның чемпионы Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жекпе-жек өткізгісі келеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Америкалық боксшы маусым айында жекпе-жек өткізу туралы Головкинге ұсыныс жасаған. Сондай-ақ Калеб Плант британиялық боксшысы Каллум Смитті (27-0, 19 КО) де жекпе-жекке шақырыпты.

ESPN.com мәліметінше, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин оң жақ жіліншігін жарақаттап алып, рингке оралу мерзімін кейінге қалдырған. GGG командасы IBF-ке титулды міндетті қорғауға уақыт беруін сұраған.

Осы себепті мамыр айына жоспарланған Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО)  арасындағы жекпе-жек өтпейтін болды

Бөлісу

.