7 сәуір, Сейсенбі

WBO. Қанат Ислам әлемдегі үздік үш боксшының қатарына кірді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0, 21 КО) Дүниежүзілік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір сатыға көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Орта салмақтағы WBO International белбеуінің иегері тізімде үшінші тұр. Көшті мексикалық Хайме Мунгия (35-0, 28 КО) бастап тұрса, екінші орынға британиялық Лиам Уильямс (22-2-1, 17 КО) жайғасқан. Ал осы ұйымның чемпиондық белбеуі америкалық Деметриус Андрадеге (29-0, 18 КО) тиесілі.

Айта кетейік,  Қанат Ислам  26 қазан күні Алматы қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде Уолтер Каутондоквамен (18-1, 17 КО) кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

.