5 сәуір, Жексенбі

Олимпиада іріктеуінде бақ сынайтын боксшылар белгілі

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалымбек Кенжебаев Азия және Мұхит елдері олимпиадалық іріктеу турниріне қатысатын боксшылардың тізімін бекітті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

52 келіге дейін: Сәкен Бибосынов

57 келіге дейін: Серік Теміржанов

63 келіге дейін: Закир Сафиуллин

69 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов

75 келіге дейін: Әбілхан Аманқұл

81 келіге дейін: Бекзат Нұрдәулетов

91 келіге дейін: Василий Левит

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев 

Азия және Мұхит елдері арасындағы лицензиялық жарыс Иорданияның Аммман қаласында 3-11 наурыз күндері өтеді. Жарысқа келген боксшылар Олимпиаданың 63 жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады.

Ерлерде 52, 57, 63 кило салмақ дәрежелерінде үздік нәтиже көрсеткен 6 боксшыдан, 69, 75 және 81 кило салмақта 5 боксшыдан жолдаманы жеңіп алуға мүмкіндік бар. Ал ауыр салмақтарда 4 жолдамадан ойнатылады. 

Бөлісу

.