7 сәуір, Сейсенбі

Екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшының рингке қашан оралатыны белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екінші жеңіл салмақтағы қазақстандық боксшы Ержан Залиловтың (11-1-1, 5 КО) рингке қашан оралатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

BoxRec.com мәліметінше, қазақстандық боксшының жекпе-жегі 7 наурызда Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешіне жоспарланған. Оның қарсыласы тәжікстандық Асрор Вохидов (6-0, 3 КО) болмақ. Екінші салмақ дәрежесіндегі жекпе-жек алты раундқа есептелген.

Айта кетейік, Залилов бір жарым жылдан бері рингке шықпаған. Соңғы жекпе-жегін 2018 жылы қыркүйекте Мәскеуде Александр Салтыковқа қарсы өткізіп, мерзімінен бұрын жеңген болатын.

Бөлісу

.