7 сәуір, Сейсенбі

Жәнібек Әлімханұлы: Белбеу ғана емес, тарихта атымызды қалдыру өте маңызды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) алдағы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Әлем чемпионы болу үшін барымызды салып жатырмыз. Жаттығу қызып жатыр. Бізге тек белбеу ғана емес, бізге тарихта атымызды қалдыру да өте маңызды. Бұйыртса еңбектің жемісін көретін күн де алыс емес», – деп жазды боксшы өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі наурыз айында өтеді. Жекпе-жектің нақты күні мен қарсыласы әзірге белгісіз. Боксшы соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.