27 қыркүйек, Жексенбі

Абылайхан Құсайынов Мексикада салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Абылайхан Құсайынов (10-0, 7 КО) Мексикадағы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Абылайхан Құсайынов 16 ақпан күні Мексиканың Тихуан қаласында жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы  жергілікті боксшы Мауро Лорето (20-10-2, 8 КО) болады.

Естеріңізге сала кетейік, Абылайхан Құсайынов соңғы жекпе-жегін 5 шілде күні Алматы қаласында өткізіп, армениялық Гарник Харутюнянды (3-2, 2 КО) жеңді.

Бөлісу

.