2 сәуір, Бейсенбі

«Қазақ сарбазы» тәжірибелі мексикалық боксшымен қолғап түйістіреді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедовтің (11-0, 10 КО) алдағы жекпе-жектегі қарсыласы белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері «Қазақ сарбазы» кезекті жекпе-жегін 12 наурыз күні Канада елінде өткізеді.

Қарсыласы мексикалық Мауро Альберто Лозано (33-10, 24 КО) болмақ. 32 жастағы тәжірибелі боксшы соңғы жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы Лиам Смиттен (29-2-1, 16 КО) техникалық нокаутпен жеңілді. Сондай-ақ мансабында Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 КО), Джермелл Чарло (33-1, 17 КО) және Патрик Тейшейра (31-1, 22 КО) секілді танымал боксшылардан ұтылған.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Канада елінде өткен бокс кешінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-6-2, 7 КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.