18 ақпан, Сейсенбі

Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек өткізе ме?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бір салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшылар Қанат Ислам мен Жәнібең Әлімханұлы әлемдік рейтингте 4 пен 5-ші орынды бөлісіп тұр. Соңғы уақытта жанкүйерлер қос қазақ боксшысының жекпе-жек өткізуі мүмкін бе деген сұрақты жиі қойып жүр. Осыған байланысты Жәнібең Әлімханұлының командаласы, PR-менеджері Берік Сұлтан пікірін білдірді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

– 2 күн болды адамдар Қанат пен Жәнібек жұдырықтасуы мүмкін бе деп көп сұрап кетті. Әлеуметтік желіде жанкүйерлер де жазып сұрақтың астына алып жатыр. Неге десем, еліміздегі ақпараттық сайттар осы туралы жаңалық(сілтемесін төменге қоямын) шығарыпты. Әдеттегі хайп шығар деп ойлап, жаңалығын оқып көрдім. Зерттеп жазыпты. Осы мәселе бойынша жанкүйерлерге бірауыз пікір білдіруім керек деп шештім.

Жәнібектің ағасы әрі команда мүшесі ретінде емес, кәсіпқой боксты түсінетін, Америкадағы жүйесін білетін адам ретінде жазайын.

Бірден айтайын, жекпе-жектің болуы мүлде мүмкін емес деп айта алмаймын. Олай десем боксты шын түсінетіндер күледі. Бәрі де мүмкін. Өздеріңіз білесіздер Қанат та Жәнібек те бір тұжырыммен(wbo) келе жатыр. Бірі 4, бірі 5 орын. Бұл дегеніміз екеуі де сол тұжырымның чемпионы болғысы келеді деген сөз. Бұл түсінікті нәрсе. Әйтпесе басқа тұжырымды көздесе сол жақтың рейтингінде болар еді. Жоқ, екеуі де WBO-да.

Екеуінің менеджері де промоутері де екі бөлек. Өз боксшысын чемпион қылғысы келсе, олар қарсыласының ұлты мен тіліне қарамайды. Олар дегенім Америкалықтар. Ал Қанат пен Жәнібек ұлтқа қарай ма жоқ па жеме-жемге келгенде көреміз. Шешімдері сол кезде белгілі болады. Әзірге болмаған нәрсеге бас қатырудың, уайымдаудың керегі жоқ деп ойлаймын.

Ал менің жеке пікірім екі қазақтың бір-бірімен төбелесуінен гөрі екеуінің әлемге танымал чемпиондармен шыққаны екеуіне де тиімді деп есептеймін. Біріншіден аттарын әлемге танытады, екіншіден мықтыны ұтсаң екінші мықтыға есік ашылады. Бизнес тұрғысынан да тиімдісі сол, — деп жазды Берік Сұлтан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бөлісу

.