18 ақпан, Сейсенбі

Бублик Роттердам турнирінің ширек финалына шыға алмады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Роттердам (Нидерланды) ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бублик екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы ресейлік Андрей Рублевпен кездесті. А.Рублев төрт рет эйс жасап, 5 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана білді. Қазақстандық теннисші 12 эйс жасағанмен, бірде бір рет брейкке қолы жетпеді.

Айта кетейік, жалпы жүлде қоры 2,1 млн еуроға бағаланған бәсекенің жартылай финалына шығу үшін А.Рублев канадалық Вашек Поспишил немесе сербиялық Филип Краиновичтің біреуімен күш сынасады.

Бөлісу

.