27 қыркүйек, Жексенбі

Қорлан Жақанша: Азия чемпионатында былтырғы есемді қайтарғым келеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қорлан Жақанша Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионатына дайындығы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап. 

Қазақстан командасы үздіктерінің бірі Хорлан Жақанша өткен жылғы Азия чемпионатын қола жүлдемен аяқтаған еді. Балуанның ендігі мақсаты – жапондық қарсыласынан есе қайтарып, Азия біріншілігінде топ жару.

«Құрлық чемпионаты балуандар үшін ең маңызды турнирлердің бірі. Былтыр Қытайда өткен Азия біріншілігінде жапониялық балуаннан ұтылып, қола жүлдені қанағат тұтқан едім. Осы жолы нақты сол қарсыласым турнирге қатысады. Демек, менде есе қайтаратын мүмкіндік туып тұр. Өзім Азия чемпионатына алтын үшін барамын. Дайындық деңгейі жақсы. Өз күшіме деген сенімділік те бар. Ал жарыстағы басты қарсыластарым – Иран, Жапония, Өзбекстан мен Қырғызстан балуандары болмақ. Әзірге олимпиадалық салмаққа өту туралы ойым жоқ. Алдағы уақытта 55 келі салмақ дәрежесін Олимпиадаға бағдарламасына қосып қалар деген үмітім бар. Егер бұлай болмаған жағдайда, келесі олимпиадалық циклден бастап 60 келіге ауысамын», — дейді Қорлан.

Бөлісу

.