12 тамыз, Сәрсенбі

Жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Тайландта жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бүгін, 13 ақпан күні УдонТханиде (Тайланд) жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Аталған додада Қазақстаннан үш ерлер мен екі әйелдер жұбы қатысып жатыр. 

Ерлер арасындағы бәсекеге Алексей Сидоренко / Александр Дьяченко; Дмитрий Яковлев / Сергей Богату; Алексей Кулешов / Артем Петросянц жұбтары бақ сынауда. Ал әйелдер арасында құрлықтық біріншіліктің үздігі атану үшін Бахытгуль Самалыкова / Ирина Цимбалова; Алина Раченко / Анастасия Уколова жұбтары барын салады. Алексей Сидоренко мен Александр Дьяченко бірінші ойында 2:1 (17:21; 24:22; 15:9) есебімен Тайбэйді жеңді. Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату таза жеңіспен (21:16; 21:18) Жапония-2 командасын ұтты. Ал үшінші жұп Алексей Кулешов пен Артем Петросянц «Иран-2» командасына есе жіберді.

Бөлісу

.