18 ақпан, Сейсенбі

Ақтөбе облысының әкімі: «Мен Смақовқа сенген едім…»

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Ақтөбе» футбол клубындағы мәселелер туралы айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Мен Самат Смақовқа сендім. Маған олар команда премьер-лигада қалады деп сендірді. Бірақ өкінішке қарай, тапсырма орындалған жоқ. Сондықтан тиісті шешімдер қабылданды. Қазір тексерістер болып жатыр, клубта біршама қарыз жинақталып қалды», – деді облыс басшысы.

Айта кетейік, Самат Смақовқа 2018 жылы қараша айында «Ақтөбе» клубын сенімгерлік басқаруға берілген болатын. Келісім бойынша ол клубтың балалардан ересектер деңгейіне дейін Қазақстан чемпионатына қатысуын қамтамасыз ету, кредиторлық қарызды төлеу және жастар футболын дамытуы керек еді. Алайда ол шарттар орындалмағандықтан мемлекет қайтадан клубтың иесі болды.

Бөлісу

.