Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) алдағы жекпе-жегіне қызу дайындалып жатыр, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.
WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері 28 наурызда Квебек-Ситиде (Канада) өтетін Артур Бетербиев (15-0, 15 КО) пен Мэн Фаньлун (16-0, 10 КО) жекпе-жегінің андеркардында өнер көрсетеді деп жоспарланған.
Жәнібектің бапкері Бадди Макгирт Инстаграм парақшасына қызу дайындық сәтінен видео жариялады.
Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.