18 ақпан, Сейсенбі

Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Санкт-Петербург WTA турнирінің ширек финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемдік рейтингте 58-орында тұрған франциялық Фиона Ферромен кортқа шықты.  Франциялық теннисші бірінші сетте брейк жасап алға шыққанмен, Рыбакина қатарынан бес геймді алып, есепті 6:3-ке жеткізді.

Екінші сетте Ферро тағы да брейк жасады. Алайда қазақстанның бірінші ракеткасы басымдық танытып, жеңіп кетті. Есеп – 5:3. Соңғы сетте 6:4 есебімен Рыбакина жеңісті жұлып алды. Тартысқа толы бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды.

Айта кетейік, Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін рейтингте 159-орында тұрған тағы бір франциялық Осеан Доденмен кездеседі. Санкт-Петербург WTA турнирі 16 ақпанға дейін жалғасады. Жүлде қоры 848 000 долларға бағаланған.

Бөлісу

.