12 тамыз, Сәрсенбі

Сметов пен Қырғызбаев – әлемдік рейтингте үздік ондықта

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық дзюдо федерациясы Парижде өткен Grand Slam жарысынан кейін әлемдік рейтингті жаңартты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Аталған жарыста екінші орын алған Жансай Смағұлов 700 ұпай қосып, жеті сатыға жоғарылап, 24-ші орынға жайғасты. Ал қола жүлдегер Елдос Сметов 500 ұпай еншілеп, рейтингтегі екінші орнын сақтап қалды.

Назарларыңызға қазақстандық дзюдошылардың әлемдік рейтингтегі орнын ұсынамыз (ТОП-50):
60 кг
Елдос Сметов — 2 орын (5868 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев — 7 (4345)
66 кг
Ерлан Серікжанов — 10 (3805)
Елдос Жұмақанов — 18 (2775)
73 кг
Жансай Смағұлов — 24 (2553)
81 кг
Дидар Хамза — 25 (2186)
Руслан Мусаев — 45 (1109)
90 кг
Ислам Бозбаев — 19 (2673)
100 кг
Айбек Серікбаев — 48 (1050)
+100 кг
Ерасыл Қажыбаев — 37 (1423)

Бөлісу

.