18 ақпан, Сейсенбі

Илья Ильин Ташкенттегі турнирде топ жарды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Илья Ильин Ташкенттегі халықаралық турнирде топ жарды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қазақстандық зілтерімші Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатында жеңіске жетті.  Ильин 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 355 келіні (160+195) бағындырған.  Екінші орында катарлық Фарес Ельбах орналасқан (353 келі). Үздік үштікті Өзбекстан өкілі Омарбек Шохназаров түйіндеді (341 келі). 

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстан командасының мүшесі Игорь Сон (61 келі) алтын жүлдегер атанған болатын. 

Бөлісу

.