18 ақпан, Сейсенбі

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшының қарсыласы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (12-0, 11 КО) қарсыласы анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

31 жастағы қазақстандық нокаутшы 22 ақпанда Гамбургте (Германия) өтетін бокс кешінде рингке шығады. Оның қарсыласы 33 жастағы аргентиналық Маркос Антонио Аумада (21-8, 16 КО).

Айта кетейік, Кособуцкий жақында  Universum Box-Promotion неміс промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.  Бұл промоутерлік компаниямен өзінің кәсіби мансабының бастапқы кезеңінде Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жұмыс істеген.

Бөлісу

.