18 ақпан, Сейсенбі

Садриддин Ахмедов наурызда жекпе-жек өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақ боксының жарқын болашағы саналатын Садриддин Ахмедов (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBC тұжырымы бойынша жастар арасында әлем чемпионы және WBC Asia чемпиондық белбеуінің иегері «Қазақ сарбазы» кезекті жекпе-жегін 12 наурыз күні Канада елінде өткізеді. Әзірге қарсыласының есімі белгісіз.

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов соңғы жекпе-жегінде Канада елінде өткен бокс кешінде аргентиналық Хосе Антонио Вильялобоспен (12-6-2, 7 КО) қолғап түйістіріп, 7-раундта нокаутпен жеңіске жеткен.

Бөлісу

.