27 қыркүйек, Жексенбі

Жанқош Тұраров – әлемдегі ең үздік 10 боксшының қатарында

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық былғары қолғап шебері Жанқош Тұраров әлемдік рейтингте үздік 10 боксшының қатарында , — деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

WBO  Intercontinental белбеуін иемденген отандасымыз Жанқош Тұраров WBO тұжырымы бойынша әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарында. Шаршы алаңда 24 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп, 17 кездесуінде нокаутпен ұтқан отандасымыз тұжырымның жаңартылған рейтингінде 9-шы орнын сақтап қалды. WBO тұжырымының белбеуі Хосе Рамирэске тиеслі болса, рейтингтің көшін Джек Кэттеролл бастап тұр. 

Айта кетейік, Жанқош соңғы Нұр-Сұлтан қаласында өткен жекпе-жегінде аргентиналық Мауро Годоймен жұдырықтасып, WBO  Intercontinental белбеуін иемденген еді.

Бөлісу

.