18 ақпан, Сейсенбі

Айбек Оралбай: Өзімнің мықтылығымды дәлелдеу үшін аянбай еңбек етемін

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Венгрияда Иштвана Бочкаи атындағы халықараоық жарыста жеңімпаз атанған боксшы Айбек Оралбай жеңістен кейінгі әсерімен бөлісті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы ҰОК-не сілтеме жасап. 

«Аталған турнир мен үшін ойдағыдай өте сәтті өтті. Бұған енді бірінші рет қатысып отырм. Бүкіл елдің мықтылары жиналды. Олимпиада жеңімпаз, жүлдегерлері мен әлем чемпионатының жеңімпаздары, Олимпиада ойындарының қатысушылары да болды. Соған қарамастан жеңімпаз атанғаныма қатты қуандым. 

Осы жарыс алдында Англия, Беларуссия, Германия елдерінің спортшыларымен спарринг өткізіп, жақсы формада бардық. Жарысқа қатыса отырып тәжірибелі боксшылардан тәжірибе жинап, қарсыластардан өзіме керегін алдым. 

Жарыс барысында төрт кездесу өткіздім. Төртеуі де қиынға соқты. Беларуссия, Испания, Франция және Үндістан елінің боксшылары өте тәжірибелі екен. Барлығы өз елінің мықтылары, бірінші нөмерлі спортшылар десе де болады. Мықтылармен жұдырықтасу маған үлкен тәжірибе болды.

Бапкерлер құрамы енді әрі қарай да қатемен жұмысты екі есе үдетіп, бұдан да мықты жарыста жеңімпаз болуға дайындаламыз деді. Алдағы лицензиялық турнирге құрамадан менің салмағымда Василий Левит барады. Себебі ол қазіргі таңда елімізде бірінші нөмерлі боксшы. Мен де сондай болу үшін бар күшімді салып жатырмын. Өзімнің мықтылығымды дәлелдеу үшін жеңіске жеттім. Екі есе күш салып, бұдан да дәрежесі жоғары жарыстарда, әлем чемпионаттарында жеңімпаз болу үшін аянбай еңбек етемін», — деді Айбек Оралбай.

Бөлісу

.