18 ақпан, Сейсенбі

Айдос Ербосынұлы алдағы жекпе-жегіне дайындығын бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы (13-0, 9КО) алдағы жекпе-жегіне дайындығын бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Бисмиллаһ деп асыл текті Алатауымыздың баурайында, келесі жекпе-жекке дайындығымызды бастап кеттік. Алла қаласа алдағы уақытта жақсы жаңалықтармен бөлісетін боламыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деп жазды боксшы өзінің Инстаграм парақшасына.

Айта кетейік, Айдос соңғы айқасын 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ресейдің Красноярск қаласында өткізіп, техникалық нокаутпен венесуэлалық Омар Гарсияны жеңген еді. Осылайша, Ербосынұлы WBC Asia, WBA International және WBO Global нұсқалары бойынша титулдарын қорғап қалды.

Бөлісу

.