23 ақпан, Жексенбі

Жәнібек Әлімханұлы: Жұдырықтасқыларың келмесе, титулымды былай бере салыңдар

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Qazaq Style» лақап атымен танылған, екінші деңгейлі екі титулы бар спортшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды. Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасында жариялады. 

– «Маған чемпиондық белбеу қажет. Чемпиондар, қайдасыңдар? Келіңдер айқасайық. Егер жұдырықтасқыларың келмесе, титулымды былай бере салыңдар», — деді Әлімханұлы.

WBC Continental Americas және WBO Global титулдарына ие Жәнібектің рингке оралуы наурызға жоспарланған. Қарсылас әзірге белгісіз. Айта кетейік, орта дивизионда WBO белбеуін амеркиалық Деметриус Андраде иеленеді, ал WBC чемпионы Джермалл Чарло.

Бөлісу

.