5 сәуір, Жексенбі

Дзюдошыларымыз «Үлкен дулыға» турнирін екі медальмен аяқтады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Парижде өткен «Үлкен дулыға» турнирін қазақстандық дзюдошылар 2 медальмен аяқтады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Дәстүрлі түрде өтетін турнирде дзюдошыларымызел қоржынына бір қола, бір күміс медальды салды. Атап айтсақ, 60 келіде белдескен Елдос Сметов жартылай финалда ресейлік балуан Яго Абуладзеге есе жіберіп, қол жүлде үшін айқаста корей балуаны Ким Вон Джуинді жеңді.

Ал 73 келіде сынға түскен Жансай Смағұлов финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, финалда жапон балуаны Соиши Хашимотодан айласын асыра алмады. Жапон спортшысы вазpари ұпайымен басым түсті.

Айта кетейік, Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ережесіне сәйкес «Grand Slam» турнирінің жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік рейтингте ұпай беріледі. Жеңімпазға 1000 ұпай, екінші орынға – 700, үшінші орын алған спортшыға 500 ұпай қосылады.

Бөлісу

.