23 ақпан, Жексенбі

Венгриядағы турнирде төрт боксшымыз финалға шықты

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дебреценде (Венгрия) өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалы дәстүрлі халықаралық турнирінің финалына шыққан боксшыларымыз анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ақтық айқасқа Махмұд Сабырхан (52 келі), Талғат Шәйкен (69 келі) мен Айбек Оралбай (91 келі) және бұрымдылардан Римма Волосенко (60 келі) шықты.

Махмұд Сабырхан үндістандық Лалтха Прасат Полипалимен, Талғат Шәйкен франциялық Уахит Хамбимен кездеседі. Ал Айбек Оралбай болса үндістандық Гаураф Чауханға қарсы айқасады.

Финалға шыққан жалғыз қазақстандық бойжеткен Римма Волосенко ресейлік Екатерина Динникпен өзара мықтыны анықтайды. 

Айта кетейік, финалдық бәсеке Нұр-Сұлтан уақытымен 21.00-де басталады.

Бөлісу

.