27 қыркүйек, Жексенбі

Нұрзат Сабыровтың кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықталды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров келесі жекпе-жегінде кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

21 ақпанда Римускиде (Квебек, Канада) Eye of the Tiger Management компаниясының өткізетін кәсіпқой бокс кешінде жаңа салмақта жекпе-жекке шығатын Нұрзаттың қарсыласы белгілі болды. Жартылай ауыр салмақта өнер көрсететін боксшымыз 35 жастағы аргентиналық Элио Герман Рафаэльпен (15-3, 9 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров соңғы жекпе-жегінде венгриялық Ласло Тотты (7-0, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.