18 ақпан, Сейсенбі

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Әлімханұлының келесі жекпе-жегі наурыз айында өтеді. Жекпе-жектің нақты күні мен қарсыласы әзірге белгісіз.

«Құдай қаласа, келесі ұрыс наурыз айында болады! Дайындық жүріп жатыр. Қазақ стилі», – деп жазды Жәнібек әлеуметтік желіде жаттығу сәтінен видео жариялап.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.