27 қыркүйек, Жексенбі

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы жаңа салмақта жекпе-жекке шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

21 ақпанда Римускиде (Квебек, Канада) Eye of the Tiger Management компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бұл бокс кешінде жеңілістің ащы дәмін татпаған қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) жаңа салмақта өнер көрсетеді. EOTTM вице-президенті Камил Эстефанға сілтеме жасаған Journaldequebec.com хабарлауынша, қазақстандық спортшы 35 жастағы аргентиналық Элио Герман Рафаэльпен (15-3, 9 КО) жұдырықтасады.

Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта болады деп көрсетілген. Сабиров алдыңғы жекпе-жегін екінші орта салмақта өткізді.

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров соңғы жекпе-жегінде венгриялық Ласло Тотты (7-0, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.