27 қыркүйек, Жексенбі

Венгриядағы турнирдің жартылай финалына шыққан боксшыларымыз белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дебреценде (Венгрия) өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалы дәстүрлі халықаралық турнирінің жартылай финалына шыққан боксшыларымыз белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

ҰОК мәлім еткендей, 52 келіде сынға түскен Махмұд Сабырхан испаниялық Мартин Молинаны ұтып, 1/2 айналымға өтті. Сондай-ақ, Айдос Арапов ширек финалда Италия өкілі Джанлука Руссоны жеңді. 69 келідегі Талғат Шайкен тағы бір италиялық спортшы Джанлука Маланиді ұтты. Ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар да турнирдің жартылай финалында жұдырықтасады. 81 келідегі Нұрбек Оралбай ресейлік Расул Әлиевтен, 91 келідегі Айбек Оралбай испаниялық Эмануэель Рейестен басым түсті.

Ал аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай аустриялық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге өтті. Жартылай финал бәсекелері 6 ақпанда, финалдық жекпе-жектер 7 ақпанда ұйымдастырылмақ.

Бөлісу

.