27 қыркүйек, Жексенбі

Нұрсұлтан Жаңабаев әлемдік рейтингте жоғарылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Кәсіпқойда жеңілмеген қазақ боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев әлемдік рейтингте көтерілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингіндегі орнын жақсартты. Кәсіпқой рингте бірде-бір мәрте қарсыласқа есе жібермеген қазақстандық боксшы рейтингте бір саты жоғары көтеріліп, жетінші орынға тұрақтады. Бұл салмақтағы чемпиондық белбеу американдық Эррол Спенс еншісінде. 

Ал рейтингтің көшін өзбекстандық Кудратратло Абдукахоров бастап тұр. Екінші орын бос болса, үшінші орында ресейлік Сергей Липинец.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңабаев соңғы жекпе-жегін 14 тамызда Сиднейде (Австралия) жергілікті боксшы Стив Гагоға (11-1, 4 КО) қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Бөлісу

.