18 ақпан, Сейсенбі

Қанша боксшымыз Венгриядағы турнирдің ширек финалына шықты?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Дебреценде (Венгрия) өтіп жатқан бокстан Иштван Бошкай мемориалы дәстүрлі халықаралық турнирінің ширек финалына шыққан қазақстандық боксшылардың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ерлер құрамынан 8 боксшының алтауы ширек финалға жолдама алды. Олар: Махмуд Сабырхан (52 келі), Айдос Арапов (57 келі), Талғат Шайкен (69 келі), Нұрбек Оралбай (81 келі), Айбек Оралбай (91 келі) және Дамир Тойбай ( +91 келі).

Айта кетейік, екі қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады. Әлем және Азия чемпионы Санатәлі Төлтаев (63 келі) белоруссиялық боксшы Дмитрий Асановтан жеңілсе, әлем жастарының вице-чемпионы Ермахан Жақпеков (75 келі) француз боксшысы Виктор Йокаға есе жіберді.

Бөлісу

.