27 қыркүйек, Жексенбі

Қазақстандық боксшылардың IBF жаңартылған рейтингіндегі орны қандай?

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ дәрежелері өкілдерінің рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Геннадий Головкин әлем чемпионы болған орта салмақта Мейірім Нұрсұлтанов сегізінші орында қалды. Жәнібек Әлімханұлы да өз орнын өзгертпей, 12-орынға тұрақтады. Рейтингтің алғашқы екі жолы бос, үшінші орын Головкиннің болашақ қарсыласы Камиль Шереметаға тиесілі.

Жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) сегізінші орыннан жетінші орынға көтерілді. Бұл салмақта әлем чемпионы – американдық Эррол Спенс, рейтингте бірінші орынды өзбекстандық Кудратилло Абдукахоров, екінші қатар бос, ал ресейлік Сергей Липинец үздік үштікті қорытындылап тұр.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев (17-0, 13 КО) бұрынғы орнын сақтап, сегізінші орынға тұрақтады. Чемпион атағы британдық Джош Тейлорға тиесілі, ал алғашқы үштікте – Апинун Хонгсонг (Таиланд), Субриэль Маттиас (Пуэрто-Рико) және Лиам Паро (Австралия) тұр.

Бөлісу

.