18 ақпан, Сейсенбі

Қазақстандық боксшы венгриялық қарсыласын нокдаунға жіберді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы Дамир Тойбай Дебрецендегі (Венгрия) халықаралық Иштван Бочкаи мемориалдық турнирін сәтті бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Дамир Тойбай 1/16 финалда венгриялық қарсыласы Ласло Фелфолдиді бірінші раундта-ақ нокдаунға жіберді. Үзілістен кейін үздіксіз соққы жаудырып, екінші нокдаунға жіберді.

Осы кезде венгриялық боксшының бапкерлері сүлгі лақтырып, төреші жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, бұған дейін Айдос Арапов (52 кг) пен Ермахан Жакпеков (75 кг) жеңіске жеткен болатын.

Бөлісу

.