23 ақпан, Жексенбі

Қазақстандық боксшылар Венгриядағы турнирді жеңіспен бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшылар Иштван Бошкай мемориалы дәстүрлі халықаралық турнирін сәтті бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жарыстың бірінші күні рингке шыққан төрт боксшымыздың үшеуі жеңіске жетті. Ауыр салмақта өнер көрсететін Дамир Тойбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Назарлаңызға қазақстандық боксшылардың нәтижесін ұсынамыз:

Ерлер

57 келіге дейін

Айдос Арапов (Қазақстан) — Майтева Тефо (Ботсвана) 5:0

75 келіге дейін

Ермахан Жақпеков (Қазақстан) — Магомед Алимсултанов (Ресей) 5:0

91 келіден жоғары

Дамир Тойбай (Қазақстан) — Ласло Фельфолди (Венгрия) мерзімінен бұрын жеңіс (2-раунд)

Әйелдер

57 келіге дейін

Ленка Бернардова (Чехия) — Айдана Забынбекова (Қазақстан) 5:0

Бөлісу

.