12 тамыз, Сәрсенбі

Жәнібек Әлімханұлы келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Qazaq Style» лақап атымен танылған спортшы әлеуметтік желіде өзінің Лос-Анджелес көшелерімен жүгірген видеосын жариялады. Бұған дейін Жәнібектің менеджері Эгис Климас спортшының келесі жекпе-жегі наурыз айында өтуі мүмкін екенін айтқан еді. Кездесудің нақты уақыты мен қарсыласының кім екені әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, Жәнібек соңғы жекпе-жегінде 39 жастағы канадалық Альберт Онолуноспен қолғап түйістіріп, алтыншы раундта нокаутпен жеңген болатын.

Бөлісу

.