23 ақпан, Жексенбі

Қазақ боксшысы Канадада шаршы алаңға шығады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Нұрзат Сабыровтың (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңіліс дәмін татпаған Нұрзат Сабыров шаршы алаңға ақпан айында оралады. Екінші орта салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 21 ақпан күні Канаданың Квебек қаласында өтетін кеште жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Нұрзат Сабыров соңғы жекпе-жегінде венгриялық Ласло Тотты (7-0, 6 КО) екінші раундта нокаутпен жеңді.

Бөлісу

.