23 ақпан, Жексенбі

Орталық Азия ММА Конфедерациясы құрылады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

 Нұр-Сұлтан қаласындағы Hilton Astana қонақ үйінде Орталық Азия ММА Конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясы өтеді, — деп хабарлайды Qsport.kz порталы. 

8 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласында Орталық Азия ММА Конфедерациясын құруға арналған баспасөз конференциясы өтеді. Аталған Конфедерация құрамына Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдері кіретін болады.

Сондай-ақ, баспасөз мәслихатында Орталық Азия аймағында ММА аралас жекпе-жек спортын дамыту және 2020 жылдың маусымында Нұр-сұлтан қаласында өтетін ММА аралас жекпе-жектен Азия чемпионаты қатарлы мәселелерді талқыланады.

Баспасөз конференциясының ұйымдастырушысы — 2018 жылдың желтоқсанында құрылған «Қазақстанның ММА бойынша біріккен федерациялар Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі. Бірлестік басшысы — Ғалымжан Есенов. Ал бас директоры — Валихан Тен.

Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытты дамытып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі — жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды.

Бөлісу

.