23 ақпан, Жексенбі

Биатлоннан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Биатлоннан әлем чемпионатында сынға түскен Қазақстан құрамасының нәтижесі анықталды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Ленцерхайдта (Швейцария) биатлоннан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр. Назарларыңызға қазақстандық спортшылардың нәтижесін ұсынамыз. Әйелдер арасындағы эстафетаға Қазақстан сапынан Полина Егорова, Милана Генева және Алина Скрипкина қатысты. Полина Егорова эстафетаны бірінші болып бастаса, 10-шы орыннан (0+0; +21,8) көрінді. Екінші айналымда ол 12-ші орыннан көрінді. Екінші болып жарыс жолына Милана Генева шығып, үшінші айналымда 13-ші орынға жайғасты.

Ал Алина Скрипкина эстафетаның соңғы кезеңнде қосылып, бесінші айналымда 16-шы, алтыншы айналымда 15-ші орында болды. Нәтижесінде Алина, мәреге 15-ші (0+10; +6:32,3) болып жетті.

Бөлісу

.