23 ақпан, Жексенбі

Роналдудың инстаграмдағы жазылушылар саны 200 миллионға жетті

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Португалия ұлттық құрамасы мен туриндік «Ювентус» клубының сұрмергені Криштиану Роналдудың Instagram желісіндегі жазылушылар саны 200 миллионға жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

«Ювентус» шабуылшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі жазылушылары 200 миллионға жеткен алғашқы адам. Футбол жұлдызының жазылушылар саны 2 жыл 8 ай ішінде 100 миллионнан 200 миллионға өсті.

«Ювентусқа» ауысқаннан бері Криштиану Роналдудың аудиториясы 66 миллион адамға көбейді (жалпы аудиторияның 33%-ы).

Осыған орай инстаграмдағы ең танымал адамдардың тізімін жасақтап көрдік:

– Криштиану Роналду (футболшы 🇵🇹): 200 млн жазылушы;

– Ариана Гранде (әнші 🇺🇸): 173 млн;

– Дуэйн Джонсон (киноактёр 🇺🇸): 170 млн;

– Селена Гомес (әнші 🇺🇸): 167,25 млн;

– Кайли Дженнер (фотомодель 🇺🇸): 159,95 млн;

–Ким Кардашьян (фотомодель 🇺🇸): 158,54 млн;

Бөлісу

.