23 ақпан, Жексенбі

Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі қайда өтетіні белгілі болды

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Бокстан Азия аймақтық іріктеу турнирі Иорданияның Амман қаласында өтеді,  – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобына сілтеме жасаған Olympic.kzтің мәліметінше, бокстан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына Азия/Океания аймақтық іріктеу турнирі 3-11 наурыз аралығында Амман қаласында өтетіні ресми түрде хабарланды.

«ХОК-тың жұмыс тобы және Қытайдың Олимпиада комитеті 3-14 ақпан аралығында Уханьда өтуі тиіс турнирді коронавирустың таралуына байланысты кейінге шегерген болатын. Түрлі нұсқаларды қарастырған жұмыс тобы іріктеу додасына қарқынды дайындалып жатқан спортшыларға ыңғайлы болу үшін Иордания Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өтінімін мақұлдады», – делінген хатта.

«Жұмыс тобы іріктеу турнирін қысқа мерзім ішінде ұйымдастыруға көмектескен баршаңызға алғыс білдіреді», – делінген ресми хабарламада.

Бөлісу

.