18 ақпан, Сейсенбі

WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Головкинді кінәлады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Деметриус Андраде оның дивизионындағы басқа белбеу иелері Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің онымен жекпе-жекке шығуға асықпайтыны туралы айтты, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

– Танго билеу үшін екі адам керек. Меніңше, оларға қысым жасап, көп ақша ұсыну қажет. «Канело» мен GGG туралы айтатын болсақ, олар мұны қалауы керек, өйткені олар DAZN-мен келісімшартқа отырып, табыс тауып жатыр. Ол мәңгілік емес. Мен өз дивизионымдағы ең сақ боксшымын және ол айдан анық. Бұл туралы айтып, әркімнің есігін қағып, жекпе-жек жасауға ұмтылғым келмейді. Менің белбеуім үшін ешкім менімен жекпе-жек өткізгісі келмейтіні айтпаса да түсінікті. Мен әрі қарай өзімнің атымды қалыптастыру үшін осылай істеймін және «Канело» мен GGG өздерінің дайын екенін сезінген кезде біз оны ұйымдастырамыз, – деді Деметриус  Fino Boxing-ке берген сұқбатында.

Айта кетейік, Деметриус Андраде 30 қаңтарда Маямиде чемпиондық белбеуін қорғау үшін ирландиялық Люк Килермен жұдырықтасады.

Бөлісу

.