30 қазан, Жұма

Ресми: Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін польшалық спортшыға қарсы өткізеді

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Әлемдегі ең беделді тұжырым UFC-мен келісімшартқа отырған бірінші қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың ресми түрде қарсыласы бекітілді, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

М-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы Шавкат Рахмонов (12-0) UFC-мен тамыз айында келісімшартқа отырған еді. Шавкаттың әлемдегі ең беделді тұжырымдағы алғашқы жекпе-жегі 21-наурыз күні Лондон қаласында өтетін UFC Fight Nights 171 турнирінде өтеді деп жоспарлануда.

Шавкат Рахмонов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін поляк спортшысы Бартош Фабинскийге қарсы өткізеді. Ол мансабында өткізген 17 жекпе-жектің 14-нде жеңіске жетсе, үшеуінде қарсыласына есе жіберген. UFC-ге ауысқан 2015 жылдан бері төрт жекпе-жек өткізіп үлгерген.

Бұл турнирдің басты жекпе-жегінде отандасымыздың салмағында (77 келі) жұдырықтасатын Тайрон Вудли мен Леон Эдвардс сынға түседі.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов M-1 Challenge 101 турнирінде ресейлік Данила Приказамен (11-2-1) жұдырықтасып, M-1 Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанған болатын. Ал 28 маусым күні елордада бразилиялық Тьяго Ласердаға қарсы жекпе-жекте титуыл қорғап қалды.

Бөлісу

.