27 қыркүйек, Жексенбі

Әли Ахмедов келесі жекпе-жегіне жаттығуды бастады

Google+ Pinterest LinkedIn Tumblr +

Қазақстандық боксшы, екінші орта салмақта WBC International Silver чемпионы Әли Ахмедов (16-0, 12КО) келесі жекпе-жегіне жаттығуды бастады, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген Әли Ахмедов Геннадий Головкинмен  (40-1-1, 35КО) бірге Сан-Карлостағы (Калифорния)  SNAC спорт кешенінде жаттығуды бастады.

Головкиннің келесі жекпе-жегі көктемге жоспарланған. Оның қарсыласы орта салмақтағы IBF әлем чемпионы атағына үміткер Камил Шеремета. Ал Ахмедов осы жекпе-жектің андеркардында өнер көрсетуі әбден мүмкін.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 5 қазанда өткізіп, америкалық қарсыласы Эндрю Эрнандесті (20-8-2, 9 КО) бірінші раундта нокаутқа түсірген.

Бөлісу

.